Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды

Алматы жылыту маусымы
Фото: magnific.com

Күннің күрт суытуына байланысты Алматыда жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9 қазаннан бастап Алматыда орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталады. Қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, жылу ең алдымен әлеуметтік нысандарға, яғни балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге жылу беріледі.

Тұрғын үйлер жылу жүйесіне 10 қазаннан бастап қосылады. 

"Үйлерге жылу берілгеннен кейін Пәтер иелерінің кооперативі және Мүлік иелерінің бірлестігі мамандары үйдің ішіндегі жылу жүйесін реттейді. Олар радиаторлар мен құбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және пәтерлердің біркелкі жылуын қамтамасыз етеді", – деп түсіндірді басқарма.

"Алматы жылу желілері" ЖШС жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын аяқтағанын хабарлады. Кәсіпорын ақаулар болған жағдайда пайдалану үшін қажетті материалдар мен құрал-жабдықтардың қорын дайындаған.

2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымында қалада 16 апаттық және жөндеу бригадасы кезекшілік етеді. Олардың құрамында 220 маман және 56 арнайы техника болады.

Еске салайық, 29 қыркүйектен бастап Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Абай облыстары секілді бірнеше өңірде жылу беріле бастаған еді. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 06 Қазан, 2026 14:30