Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер: Екпенің екеуін алған әйелдер жүктілікті екі аптадан кейін жоспарлай алады

Отандық эпидемиологтер екпенің екі компонентін алған әйелдер жүктілікті 2 аптадан кейін жоспарлай берсе болатынын айтады. Тіпті аяғыңыз ауыр болып, вакцина салдырсаңыз да еш кері әсері болмайды деп отыр. Ресейлік вирусологтер болса, жақын күндері жүкті келіншектерге вакцина салуды бастап кетуіміз мүмкін дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Инормбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Күйзеліске шалдыққан ата-анадан туған баланың ми бөлігі аз болады

Алматының кейбір эпидемиологтері ковидке қарсы вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін, екі аптадан соң ғана әйелдерге жүктілікті жоспарлауға кеңес береді. Дұрысы, антиденеге тест тапсыру. Өйткені антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцинаның қажеті жоқ. Ал екпенің бірінші дозасын алған адам ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күтуі керек.

“Егер антиденеңіз бар болса, артық екпе алудың қажеті жоқ. Мәселен, сізде антидененің, яғни иммуноглобулиннің титрі 1-ден жоғары, көп жағдайдағыдай 6,5-7,5 деген көрсеткішті көрсетсе, онда бұл азамат шамамен жарты жылдан кейін екпе алғаны дұрыс. Қазір алса, екпенің қорғаныш әсері өзгеріп кетпейді”, –  деді №12 қалалық емхананың эпидемиологі Данара Укиева.

Репродуктолог Салтанат Байқошқарова, сәби сүйгісі келетін келіншектер қос компонеттен кейін кемі 2 ай уақыт сақтану қажет екенін ескертеді. Екпе алып, арынша бала көтерген келіншектерге түсік жасатуға кесіп кеңес бере алмаймыз дейді. 


Вакциналар балалы болуға әсер ете ме?


“Бұрын ауырмаған болсаңыз, қосымша ауруларыңыз кедергі болмаса, салдыртқаныңыз дұрыс. Вакцинаның 1, 2-дозасын саласыз сосын 1-2 айдан кейін жүктілікті жоспарлауға болады. Ал қазір жүкті болып қалған жағдайда, қолымыз да аузымыз да бармайды сізге аборт жасаңыз деуге. Өйткені аборттан зиян көбірек шегетін шығарсыз вакцинадан гөрі”, – деді ЭКО орталықтың басшысы Салтанат Байқошқарова. 

Ал ресейлік вирусолог Анатолий Альштейн, екпе салдырған келіншектерге бала көтеруге тіпті асығудың қажеті жоқ дейді. Вакцина алғаннан кейін кемі 6 ай уақыттың өткенін есептеп, саналы түрде жүктілікті жоспарлауға болады деген пікірде.

“Екпе алған жүкті әйелдің ішіндегі балада да антидене түзіледі. Бұл сәби үшін өте қажет. Жүктіліктің алғашқы 3 айында екпе салуға болмайды, бірақ содан кейін ковидке қарсы вакцинаны салуға рұқсат берілуі мүмкін”, – деді Н.Ф. Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн.

Қазір Ресей тарапы бұл мәселені қызу талқылап жатыр. Ковидпен қатты науқастанып жазылғандарға, бір дозалы “Спутник лайт" вакцинасын салса жеткілікті.

Денсаулық сақтау министрлігі, ковид жұқтырған және вирустан қайтыс болған аяғы ауыр әйелдерге қатысты күн сайын жаңа статистика жүргізбейді екен. Соңғы тәулікте тағы 19 адам ковид пен коронавирустық пневмониядан қайтыс болыпты. 

Талқылау