Вакциналар балалы болуға әсер ете ме
Коронавирусқа қарсы вакцинация адамды бедеулікке ұшыратпайды. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коронавирусқа қарсы ресейлік вакциналар ұрпаққа, ең алдымен зертханалық жануарларға әсерін бағалау үшін қажетті сынақтардан өтті. Жағымсыз салдары анықталған жоқ. Егер қазір жүкті болғыңыз келсе, COVID-19-ға қарсы вакцинадан кейін жүктіліктен сақтанудың қажеті жоқ ", – делінген хабарламада.
Сонымен бірге мамандар COVID-19-ға қарсы вакциналардың ешқайсысы ДНҚ-ға әсер етпейтінін баса айтты.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан