Дәрігерлер адамға шошқаның бүйрегін трансплантациялау отасын сәтті жасады
Нью-Йорктегі хирургтар генетикалық түрлендірілген шошқаның бүйрегін адамға трансплантациялау операциясын сәтті өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Трансплантация жасанды тыныс алу аппаратында жатқан және миы жұмысын тоқтатқан адамға жасалған. Операция жасаған хирург Роберт Монтгомеридің айтуынша, бүйрек бірден зәр мен қалдық өнімдерді шығару процесін бастап кеткен.
Ол генетикалық түрлендірілген шошқалар болашақта трансплантация органдарының "тұрақты және жаңартылатын" көзі бола алады деп санайды.
Басылымның жазуынша, егер ғалымдар адамға қолайлы компоненттерді өсірудің жолын тапса, бұл трансплантацияға кезекте тұрған жүз мың америкалықтың мәселесін шеше алар еді. Олардың ішінде 90 мыңнан астамы бүйрекке мұқтаж.
Газет зерттеу нәтижелері әлі сараптамалық бағалаудан өтпегенін және жарияланбағанын баса айтады.
Бұған дейін америкалық хирургтер әлемде алғаш рет жол апатынан кейін күйіктен зардап шеккен пациентке бет пен екі қолды бір мезгілде ауыстыру бойынша сәтті ота жасаған.
Күйеу жігіттің отбасы қалыңдықтың әйел болуға қаншалықты дайын екенін білу үшін сынақтан өткізді
Басылымның мәліметінше, 2018 жылы Нью-Джерси тұрғыны түнгі ауысымнан үйге оралып, көлік жүргізіп келе жатқанда ұйықтап кеткен. Оның көлігі қоршауға соғылып, төңкеріліп, өртеніп кеткен. Ер адам денесінің 80 пайызын күйік шалған.
Апаттан кейін ер адам төрт ай ауруханада жатып, 20 операция жасаған. 2019 жылы дәрігерлер қайтыс болған адамнан бет пен қолды трансплантациялау туралы шешім қабылдады. 23 сағатқа созылған операция кезінде науқасқа шашынан мойынға дейінгі барлық тері мен шеміршек бөліктеріне дейін мұрын және төменгі жақ сүйектері трансплантацияланды.
Трансплантациядан алты ай өткен соң, Димео қайтадан кірпігін жыпылықтату, қасын көтеру бақытына ие болды. Енді ол өздігінен киініп, итпен ойнап, тіпті гольф ойнайды. Бірақ организмнің тіндерді қабылдамауын алдын алу үшін ол өмір бойы иммуносупрессанттарды қабылдауға мәжбүр болады.