Қызылордада онкологиялық орталық медбикесі "дәрігердің зорламақ болғанын" айтып шағымданды
Қызылорда облыстық онкологиялық орталығынан шу шықты. Сонда жұмыс істейтін медбикенің айтуынша, реанимация бөлімінің дәрігері оны зорламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің жағасын ұстатты. Ал орталық басшылығы аталмыш оқиғаға қатысты тергеу аяқталмайынша ешқандай ақпарат бермейтінін айтты.
Тек басы дауға қалған дәрігердің өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді. Жәбірленушінің шағымы негізінде іс қозғалған. Енді істің ақ-қарасын құқық қорғау орындары анықтайтын болады.
“Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 24 бабының 3-бөлігімен және 120 бабының 1-бөлігімен, яғни зорлауға оқтау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес қалған ақпарат жария етілмейді”, – дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек