"Күнделікті қолданамыз": Көру қабілетін қатты бұзатын екі өнім аталды
Окулист Уитни Селтманның айтуынша, көз саулығы үшін ең нашар өнімге макарон мен нан жатады. Дәрігер бұл тағамдардың көмірсулар мен қандағы қант деңгейін арттырып, көздің тор қабығындағы көру өткірлігін төмендететінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маман арнайы диетаның адам ағзасына қаншалықты әсер ететінін айта отырып, ұн өнімдерінің кері әсерін түсіндірді.
Бұл өнімдер жасқа байланысты дегенерацияны мезгілінен бұрын арту қаупін туындатады. Ал қалыпты жағдайда бұл процесс 50-60 жас аралығындағыларға тән. Осыған орай адамда оқу мен көру барысында мәселелер туындап, галлюцинациялардың пайда болуы мүмкін.
Қандағы қанттың көтерілмеуі үшін ақ нан мен макарондарды дәнді сорттағылармен алмастырған дұрыс. Сондай-ақ маман көпшілікке құрамында натрийдің көп болуына байланысты өңделген еттен бас тартуға кеңес береді.
Бұған дейін британдық маман Найджел Бест жасқа байланысты көру қабілетінің нашарлауына қарсы тұратын екі өнімді атаған болатын. Олар – киви мен қабықты бұрыш.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді