Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер денсаулыққа ең қауіпті сусынды атады

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасында кейбір сусындардың пайдасы мен зияны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.

Қант диабеті, семіздік және онкологиялық ауруларды тудыратын бұл сусын бүгінде барлық жерде сатылады.

Дәрігердің айтуынша, денсаулыққа ең үлкен қауіп-қатер әкелетін сусын – тәтті газдалған сусын.

"Қант диабетін, семіздікті тудыратын, нәтижесінде онкологияны әкеледі. Бұл, шынымен де, остеопороздан бастап онкология мен жүрек ауруларына дейінгі үлкен проблемаларға апаратын жол", — деп түсіндірді Мясников.

Маман тіпті қарапайым суды шөлдеген кезде ғана ішу керек екенін айтады. Алайда жалпы алғанда, бұл денсаулыққа қауіпі аз дейді.


 Дәрігер денсаулықты сақтап әрі ұзақ өмір сүруге көмектесетін бес факторды атады


Мясников сонымен қатар шай мен кофенің пайдалы қасиеттері туралы айтты: соңғысы, атап айтқанда, жүрек-тамыр аурулары мен бауыр ауруларының алдын алуға көмектеседі, ал көк шай, өз кезегінде, онкологияға қарсы әсер етеді.

 

Талқылау