Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер: COVID-19 вакцинасы ерлерді белсіздіктен қорғай алады

Коронавирустық инфекция ерлерде эректильді дисфункцияны тудыруы мүмкін, сондықтан вакцинаны алған дұрыс, деп уролог-андролог Джевдет Карамамуд-Оғлы кеңес береді.

белсіздік

"Коронавирустық инфекция ерлерде эректильді дисфункцияны дамытудың себебі болуы мүмкін деген зерттеулер бар. Себебі эректильді дисфункцияға әкелуі мүмкін факторлардың спектрі өте кең. Бұл факторлардың барлығы, өкінішке қарай,коронавирустық инфекциядан кейін пайда болады"- дейді уролог Experts Hub Kazakhstanжобасының сарапшыларымен онлайн-дөңгелек үстел барысында.

Эректильді дисфункцияның ықтимал басталуына күйзелістің пайда болуы, гипоксияның ұзақ уақыт әсер етуі, гемодинамиканың бұзылуы, COVID-19 ауырғаннан кейін жүрек-қан тамырлары жүйесінің нашарлауы ықпал етеді.



"Сондықтан, иә, бұл мүмкін. Ал вакцинация - бұл ерлер денсаулығын қорғаудың бір жолы", - деді Джевдет Карамамуд-Оғлы.

Сонымен бірге COVID-19 вакцинасының ерлердің репродуктивті жүйесіне әсері туралы зерттеулер мен расталған мәліметтер жоқ, деп жалғастырды ол.

"Бірақ жануарларға жүргізілген бірнеше зерттеулер бар. Олар негізінен вакцинаның репродуктивті функцияға кері әсерін анықтаған жоқ", - деп қосты дәрігер.

Талқылау