Дәрігер аптап ыстықта балмұздақ жеудің инфаркт қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертті

Кардиолог Ирина Тарасова аптап ыстықта балмұздақ немесе мұздай су ішу қан тамырларын күрт тарылтып, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарда инфаркт қаупін арттыруы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ridus.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"СМ-Клиника" кардиологы Ирина Тарасова аптап ыстықта балмұздақ немесе мұздай су ішу кейбір адамдар үшін инфаркт қаупін арттыруы мүмкін екенін айтты.
Оның сөзінше, суық тағам мен сусын қан тамырларының күрт тарылуына себеп болады.
"Егер суық тағам немесе сусын ішкеннен кейін кеуде тұсыңыз ауыра бастаса, оны кездейсоқ жағдай деп қабылдамаңыз. Бұл кардиологқа қаралып, тиісті тексеруден өтуге жеткілікті маңызды себеп", – деп атап өтті дәрігер.
Тарасова суық тағам немесе сусын ішкеннен кейін кеуде тұсында ауырсыну пайда болса, оны елемей қоймай, міндетті түрде кардиологқа қаралып, тексеруден өтуге кеңес берді.
Сонымен қатар ол балмұздақтың өзі инфаркт тудырмайтынын, бірақ жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарда қауіп факторына айналуы мүмкін екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін диетолог Пабло Охеда аптап ыстықта ағзаны жеңіл әрі пайдалы тағаммен қамтамасыз ету үшін рационға балықты аптасына 2-3 рет қосуды ұсынған еді. Оның айтуынша, балық жеңіл қорытылады әрі омега-3 май қышқылдарына бай.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Оқыңыз