Дариға Бадықова тойда 200 теңгеге ән салған кезін еске алды
Танымал актриса Дариға Бадықова бүгінде шоу-бизнес әншілеріне бәсекелес болып алды. Ол кинодағы жұбы Рүстем Жаныамановпен бірге тойға шығып жүр. Айтуынша, ол той бизнеске аяқ астынан келмеген. Мектеп кезінен думанды кештерде ән салып, ақша тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жастайыңнан тойға шықсаң, төселіп те кетеді екенсің. 1996-1997 жылдары 200 теңгеге ән айтатынмын. Кететін кезде той иелерінен бауырсақ, кәмпит салып беріңізші деп сұрайтынмын. Одан 2000 жылдары 500 теңгеге көтердік. Ауыл-аймақтың тойларынан қалмайтынмын", – дейді Дариға Бадықова.
Ол бұл кәсібін студент кезде де жалғастырған.
"Мектеп бітірген соң, қалаға келіп 5000 теңгеге шығатын болдым. Жазғы демалыстарда ауылдарды аралап концерт өткізіп, киім-кешекке ақша табатынмын.
Концерттен 17-18 мың табатынмын. Барахолкаға келіп, шырт киініп, шырт түкіріп жүретінмін", – деді Бадықова.
Ал қазіргі қаламақысын актриса жасырып қалды.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады