Арман Дәулетияров анасы тұрған үйді мешітке айналдырмақ
Танымал ресейлік медиаменеджер Арман Дәулетияров марқұм анасының үйінен мешіт жасамақ. Айтуынша, бұл туралы ол анасымен көзі тірісінде ақылдасып, келіскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арман мырза аталған үйді өз жерін мұсылмандар діни басқармасына беретінін мәлімдеді. Айтуынша, енді онда Айман Дәулетиярова атындағы мешіт болады.
"Кез-келген адам осында келіп, дұға жасай алады. Одан бөлек, мұнда балаларға Құран мен Ислам негіздерін үйретеді. Біздің ауылда және көрші маңда басқа мешіт жоқ. Осындағы адамдарға жақсы болады.
Анамның көзі тірісінде онымен келісіп қойғанмын, ол өте қуанды. "Біз бақытты ғұмыр кешкен үйіміз менен кейін адамдардың игілігіне жұмыс істейтіні жақсы болды", - деді ол көзіне жас алып.
Көз жұмғаннан кейін бір жыл өтісімен (анамның қалауы сол) мен аулада мұнара тұрғызамын, мешіттің есігі барлығына ашық болады.
Мен де отбасыммен бірге осы мешітке келіп тұрамын. Жақын маңда жүрсеңіз, сіз де міндетті түрде кіре кетіңіз. Орынбор облысы Соль-Илецк ауданы Тамаруткуль ауылы", – деп жазды Дәулетияров.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен