"Ана көрсек, еркелегіміз келіп тұрады": Тоқтар Серіков марқұм анасын еске алды
Әнші Тоқтар Серіков марқұм анасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады. Ол өз анасынан айырылып қалғандықтан, өзгелердің анасын көргенде ет жүрегі елжірейтінін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жігіттер" тобындағы Айдар бауырымның анасы. Ана деген қандай жақсы, Алла ұзақ ғұмыр берсін. Бізді көріп айналып-толғанып ыстық құшағына алып қысты. Сәл болса да, ана мейірімін сезініп анамды көргендей күй кештім. Бейбіт екеуміздің анамыз тым алысқа кеткеннен кейін бе, ана көрсек, еркелегіміз келіп тұрады. Айдардай ұлды қазақ еліне тәрбиелеп берген ақ жаулықты ана ғой. Аман болыңыз", – деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Серіковтің анасы 2021 жылы дүниеден озды.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады