Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Төлешоваға “Халық сүйіктісі” Ұлттық жүлдесі табысталады

“Халық сүйіктісі” Ұлттық жүлдесін табыстау салтанаты 3 ақпанда өтеді. Бұл туралы іс-шара ұйымдастырушыларына сілтеп ҚазАқпарат хабарлады.

Фото ҚазАқпарат

Оргкомитеттің шешімімен, “Халық сүйіктісі” жүлдесін үлестіру міндеті арнайы кеңеске жүктелді. Қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде бірауыздан парламент сенатының депутаты, сенатқа қарасты әлеуметтік-мәдени даму мен ғылым бойынша Комитет басшысы Бірханым Әйтімова сайланды.

Кеңес шешімімен, “Халық сүйіктісі” Ұлттық жүлдесіне төмендегі адамдар лайық деп танылды:

“Жыл таңдауы” – Украинада өткен “Голос.Діти” шоуының жеңімпазы, қазақстандық әнші

“Жыл жаңалығы” – «QAZAQSTAN» телеарнасы;

«Табыс пен даму» – ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитет;

“Алтын дәуір” – белгілі қазақ ақыны Шөмішбай Сариев;

“Жыл меценаты” – Махмуд Нәлібаев, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қайырымдылық қорының президенті (әнші Сиви Махмудидің әкесі);

Сондай-ақ, халықтық дауыс беру барысында жүлденің негізгі 15 аталымы лауреаттары анықталды.

Жұлдені табыстау салтанаты 3 ақпан күні Rixos President Astana қонақ үйінде өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері Баян Алагөзованы туған күнімен жарыса құттықтады

Алматылықтар Данэлия Төлешованы сыйлықтың “астында” қалдырды (фото)

Қазақ әнін шырқаған әйгілі Шахзода тыңдармандарды сүйсіндірді (видео)

Әріптестері парамен ұсталған Ерлан Біләлді қолдады

Талқылау