Данияр Елеусінов чемпиондық атақты жеңген соң алдағы жоспарымен бөлісті
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде ІВО белбеуін жеңген еді. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін спортшы чемпиондық атақты жеңген соң мәлімдеме жасап, жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30 жастағы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы Қазақстаннан шыққан бесінші әлем чемпионы болды. 18 желтоқсан күні өткен жекпе-жекте ол аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-2, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңді.
"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған бокс кеші өтіп кетті... Мені қолдап, жанкүйер болғандарыңыз үшін мың алғыс. Енді басқа да белбеулерді қосып алатын мақсат алда... Барша ұйымдастырушыларға Рахмет айтамын!", - деп жазды ол өз Instagram парақшасында.
Айта кетейік, аталмыш бокс кешінде Жанқош Тұраров қарсыласын 45 секундта нокаутқа түсірген болатын.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді