Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даму күнтізбесі: 1 жасқа толған бала нені жасай білуі тиіс

Бір жасар бала қарапайым сөздерді түсінеді және жақындарының сұраған өтінішін орындайды. Жалпы, 1 жасқа толған бала нені жасай білуі тиіс? Бұл жайлы Stan.kz әңгімелейтін болады.

Даму күнтізбесі: 1 жасқа болған бала нені жасауы тиіс

Бұдан бөлек, 1 жасқа толған сәби басқа балалар мен ересектердің іс-әрекеттеріне еліктеп, төртбұрыштар жинайды, пирамида құрастырып, күрделі қимылдарды да жасайды.

Әдетте 1 жастағы балаларда мынадай дағдылар қалыптасады:

-    тосқауылдың астымен еңбектейді;
-    еңіс жерге көтеріліп, сырғып түседі;
-    диван, креслоларға шығып аунайды, еденге сырғып түсуді біледі;
-    өздігінен тұрады;
-    отырып, тұрады, еңкейеді;
-    бір қолымен сүйеніп жүреді;
-    ересек адамның көмегімен балалар төбешігінің баспалдағына көтеріледі;
-    өз бетімен біреудің көмегінсіз бірнеше қадам немесе үш-бес метрге дейін жүреді;
-    үлкендердің үнемі жасайтын қимылдарына еліктейді;
-    өзі секілді балалардың қарапайым қимылына еліктеп, қол шапалақтап, ұрып ойнайды.

1 жасар баланың танымдық дамуы

-    өз бетімен де, ересек адамдардың іс-әрекеттеріне еліктей де пирамиданың өзегіне 3-4 сақина тізіп, қайта бұза алады;
-    біреудің көрсетуі бойынша және өзі еркімен заттардың қақпағын ашып-жабады;
-    төртбұрыштарды бір-біріне қоюды біледі;
-    бір ойыншықпен әртүрлі іс-әрекеттер жасайды: мысалы, қуыршақпен ойнағанда оны тамақтандырып, бетін сүртеді, шашын тарайды. Яғни, еліктеу, үлкендердің өтініші бойынша немесе жеке ойындарда екі-үш әрекетті әр қайсысын жекелеп орындайды:
-    қатарластарының ойнау әрекеттеріне еліктеп, қайталайды;
-    дөңгелегі бар ойыншықтарды алға итеріп, допты домалатады;
-    есікті өздінен ашып-жауып, радио, телевизор қосуды үйренеді, жәшіктерді өз күшімен қозғайтын болады.

1 жасқа толған баланың эмоционалды және әлеуметтік дамуы

-    Ойыншықтармен, әсіресе сүйікті ойыншығымен ойнаған кезде күлімсіреп, қуанады.
-    Бұрамалы ойыншықтарды, ересектермен көңілді ойын ойнағанды ұнатады.

Дегенмен, олар «болмайды» деген сөзді естісе, үлкендер даусын бірден көтеріп сөйлесе, қалаған нәрсесін жасай алмаса қыңырланып, көңілі толмай отырғанын білдіреді.

-    Жақын адамы келсе қуанады.
-    Ересектердің мимикасына еліктейді.
-    Өзі секілді балалардың қимылын, ойын кезіндегі қозғалыстарын, имитациялайды.
-    Қиын, бейтаныс жағдайларда, түсіндіруді талап еткендей ым білдіріп  ересек адамдарға қарайды.
-    Бейтаныс адам келсе елеуріп, жылай бастайды.
-    Жақын адамын суреттен танып қалса, күлімдейді.
-    Кітаптардағы суреттерге қызығушылық танытады.
-    Музыканың немесе әннің әуенін мұқият тыңдап, тыпыршып кетеді, және соған күлімдейді.

1 жастағы баланың сөйлеу дағдысының дамуы

Сөзді түсінуі:
1.    Үлкендердің өтініші бойынша ойыншықтармен таныс әрекеттер жасайды.
2.    Ересек адамның «ананы көрсетші» деген өтінішінен кейін өзіне таныс ойыншықтың біреуін көрсетеді.
3.    Жақындарының сұрауы бойынша төртбұрышты кірпіштен, доптан ажыратып, таба алады.
4.    «Қой», «бер», «апар», «жап», «аш» деген өтініштерді орындайды.
5.    «Болады, болмайды» деген сөздерге бағынады.
6.    Өз жақындарының, үлкендердің атын біледі. Аты аталған танысына бірден қарай кетеді.
7.    Киімдерінің, үй заттарының қалай аталатынын біледі.
8.    Өзі немесе біреу кетіп бара жатса, ересектердің «сау бол» деген сөзіне жауап ретінде қол бұлғайды.

Үлкендер өтініп, сұраса:

-    «ладушки» ойнайды,
-    қолын бұлғап, бірдеңенің ұшып бара жатқанын көрсетеді,
-    үйде біреу отырса немесе ұйықтап жатса, солардың не істеп жатқанын көрсетеді,
-    «ку-ку» ойнау кезінде тығылу керектігін біледі,
-    мұрнын беторамалмен сүртеді,
-    бетін «сүлгімен» сүртеді.

Белсенді сөйлеуі (8-12 сөз):

-    Жеңілдетілген сөздермен ересек адамның «Бұл кім?» деген сұрағына жауап береді.
-    Жеңіл сөздерді заттармен және іс-әрекеттермен байланыстыра алады.
-    Таныс дыбыстарға және қозғалыстарға оңай еліктейді. Мысалы, жылау, күлімдеу, жөтелу, ән айту, жануарлар секілді дыбыс шығарып, айқайлау.
-    Телефонмен сөйлескендей біреудің әрекетін қайталайды.
-    Әннің ырғағын имитациялайды.
-    Басқа балалардың түсінікті сөздеріне еліктейді.
-    Ересек адамдарды қайталап, жаңа сөздерді оңай қолданады (интонация, ырғақты түрде).

1    жасқа толған баланың тұрмыстық дағдылары

-    Шыныаяқты қолымен ұстай отырып, сусын ішеді.
-    Нан, печеньені тістеп жейді.
-    Киім киетін немесе шешінетін кезде үлкендердің айтуы бойынша қолын, аяғын көтереді. 
-    Киімдердің атауын жақсы біледі және киінетін кезде өз заттарын өзі әкеледі.
-    Жуынатын кезде қолын суға созады, сүлгімен сүртінеді.
-    Тазалық бұзылған кезде мазасызданып, гаршокка отырғысы келетінін білдіртеді.
 

Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау