Дамир Исмағұлов Алматыда жекпе-жек өткізеді
UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (24-3) келесі жекпе-жегін Hardcore FC тұжырымының турнирінде өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UFC
UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов келесі жекпе-жегін Алматыда өтетін Hardcore FC турнирінде өткізеді. 13 шілдеде Алматы қаласында өтетін турнирде отандасымыз ресейлік Дмитрий Климовқа қарсы жұдырықтасады. Исмағұлов соңғы жекпе-жегін кикбоксинг ережесі бойынша "Наше дело” 82 турнирінде өткізіп, ресейлік Эдуард Вартаняннан ұпай санымен ұтылып қалды.
Айта кетейік, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Мұратбек Қасымбай мен Диего Брандао жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің иегерін анықтайды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

