Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүйсенбіден бастап күшіне енетін жаңа жол ережелерін біле жүріңіз

Дүйсенбіден бастап жаңа жол ережелері күшіне енеді. Бұдан былай жол инспекторының рұқсатынсыз оның әрекетін видеоға түсіруге болады,-деп жазды «Еуразия» бірінші арнасы.

полиция

Сондай-ақ, сіздің ереже бұзғаныңыз бейнежазба құралына, немесе радарға жазылса, полиция  қызметкері алдымен оны жүргізушіге көрсетуі керек. Жол қозғалысы туралы заңға 50-ден аса өзгеріс енгізілді.

3 шілдеде Мемлекет басшысы Жол қозғалысы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Ол құжат ертеңнен бастап күшіне енеді.

Жаңа ережеде жаңалық көп. Мәселен, мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қайтадан алу үшін  бұрынғыдай емтихан тапсырмайсыз. Сондай-ақ, көлігіңізді тоқтатқан кезде жол инспекторларының әрекетін видеоға түсіруге құқыңыз бар. Дегенмен, кейбір ережер қатаңдатылды.

«Көлік құралын   мас күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 айлық есептік көрсеткішке қысқартылды.

Масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді» – ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Нұрсейіт Әбішев.

Тағы бір өзгеріс. Көлігіңізді тоқтатқан кезде жол-патрульдік полиция қызметкерлері қасыңызға келіп, өзін таныстырған соң, не үшін тоқтатқанын түсіндіру керек. Сіздің ереже бұзғаныңыз бейнежазба құралына, немесе радарға жазылса, полиция  қызметкері алдымен оны жүргізушіге көрсетуі керек. Айтпақшы, енді инспектордың рұқсатынсыз көліктен шыға беруге болады.

«Бұрын жол жүру куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда кайта емтихан тапсырушы еді. Қазір бұл заң алынып тасталды».

Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 айлық есептік көрсеткішке қысқартылды.  Жалпы айыппұлды азайту мәселесін былтыр депутат кезінде Мұхтар Тінікеев көтеріп еді. Өзі кетсе де оның ұсыны ескерусіз қалмапты.

« ЖПП қызметкерлерi не үшiн айыппұл салады? 828 мың 900 азаматқа полиция қызметкерлерi айыппұл салған. Бұл оқиға орнында ақша бергендердi есептемегенде. Iшкі істер министрi соңғы үш жылда жол ережесiн бұзу азайды дейдi.

Бұл азайғандық емес, бұл сол жерде пара беріп, мәселені шешті деген сөз. Сондықтан, айыппұлды азайтуды немесе мүлдем алып тастауды ұсынамын», -деген еді кезінде  Мұхтар Тінікеев.

Қала ішінде арнайы веложолақ салынбаса да, велосипедшілерге де талап күшейді. Оларға жаяу жүргінші жолағымен жүруге қатаң тыиым салынды.Яғни жетектеп өтуі тиіс. Жалпы жол ережесіне бас аяғы 50-ден аса өзгеріс енгізіліп отыр.

Оқи отырыңыз:

Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?

Сақ болыңыздар: Ғаламторда Құрбан айтқа қатысты жалған ақпарат тарап жатыр

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

Талқылау