Марк Цукерберг ноутбуктағы камерасы мен микрофонды желімдеп тастаған
Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукерберг әлеуметтік желідегі парақшасында өз жұмыс орнының суретін салды. Оның оқырмандары миллиардердің ноутбук веб-камерасы мен микрофонын скотчпен жабыстырып қойғанына назар аударған.

Сурет 21 маусым күні пайда болған.
“Инстаграмды ай сайын 500 миллионнан астам адам пайдаланады, ал күн сайын 300 миллион. Соңғы екі жылда Инстаграмды пайдаланушылар саны екі есеге дейін өсті. Бұл ретте Кевин Систром мен Майк Кригерге алғыс білдіремін. Олар Инстаграмды ерекше орынға айналдырып, адамдар үшін жаңа әлем ашты”, – деп жазды ол.
Әлгіндей әрекеттер жасау арқылы Цукерберг өзінің жеке ақпараттарының таралып кетуінен қауіптенсе керек. Тіпті хакерлердің өзі оның компьютерін бұза алған күнде де, ештеңені көріп, ести алмайды.
Сәуір айында белгісіз хакер адамдардың ноутындағы веб-камералар арқылы олардың әрекеттерін бақылай алған. Ол мұндай қолжетімділікке алыстан басқарылатын LuminosityLink компьютерлік желісі арқылы ие болыпты.
Көкжайлауда тау кластерін салу үшін 2600-ден астам ағаш кесіледі: Экологтар оның ауа спасы мен температураға әсерін айтып дабыл қақты
Тұрғын: "Сонда осы ағаштарды, осы әсем табиғатты сақтап қала алмаймыз ба?”
Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 22 жастағы көршісі ұсталды
Әпкесі: "Ол үйден қашып кеткісі келді, өзіне қол жұмсағысы келді”