Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Covid-19 жұқтырған қазақстандықтарға үйде емделуі үшін тегін дәрі-дәрмектер беріледі

Пневмония, ЖРВИ және коронавирустың жеңіл түрлерінен үйде емделетін қазақстандықтар дәрі-дәрмектерді, оның ішінде антибиотиктерді тегін алуға құқылы. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Акалабрутиниб

"Бүгінгі таңда МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмектер тізімі бар, оған ЖРВИ және ауруханадан тыс пневмониялар кіреді. Емханалардың дәрігерлері арасында кеңестер өткізіліп, осы тізім шеңберінде COVID-19-ға ұқсас инфекциялармен және осы тізімдегі пневмониямен ауыратын науқастарды тегін қамтамасыз ете алатынымыз атап өтілді. Бұл препараттардың тізіміне антибиотиктер, балалар үшін – ыстықты төмендететін антибиотиктер кіреді. Олар емханалар жанынан құрылған мобильді топтармен тегін жеткізілуі мүмкін", - деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Ол әкімдіктерге бұл дәрі-дәрмектерді артығымен сатып алу тапсырылғанын айтты.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ресейлік коронавирусқа қаарсы дәрінің сатулуына түсініктеме берді.

"Шынында да, Ресей Федерациясы "Авифавир" препаратының клиникалық сынақтардан сәтті өткенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде барлық үздік тәжірибелерді қолданатынымызды ескере отырып, 29 маусымда бұл препарат коронавирустық инфекцияны емдеу және тексеру хаттамасына енгізілді. Бұл дәрі бір рет әкелініп, елімізге жеткізіледі. Бұл дәрі-дәрмекпен стационарлық науқастарды емдейтін боламыз және емделуді бақылайтын боламыз, себебі бұл препарат өте жаңа", - деп түсіндірді Ғиният.

 

 

Талқылау