Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"COVID-19 пандемиясы төтенше жағдайдан асып түсті" - ДДСҰ басшысы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 пандемиясының әдеттегі денсаулық сақтау төтенше жағдайының шекарасынан шығып кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

ДДСҰ басшысы 9 қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-ші сессиясында сөйлеген сөзінде коронавирустың таралуына байланысты жағдайдың нашарлағанын мәлімдеді.

"Біз денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай кезінде адамдарды қорғауға дайынбыз, бірақ COVID-19 пандемиясы төтенше жағдайдан асып түсті", - деді Гебрейесус.

Ұйым басшысы пандемия басқа жұқпалы аурулармен күреске теріс әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, ол COVID-19 вакцинасын "жеке тауар емес, жаһандық игілік" ретінде қарастыруға шақырды.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді қамтыды. 9 қарашадағы жағдай бойынша жұқтырғандардың саны 50 миллионнан асты, өлім саны - 1,2 миллион, 32,8 миллион адам сауықты. Инфекцияның ең көп жағдайлары АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Қараша, 2020 07:15
Талқылау