Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19 қайта күшейді: ДДСҰ вакцина алып, маска кию режиміне көшуге кеңес берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус әлемде COVID-19 ауруының қайтадан өршуіне байланысты бетперде режимі мен вакцина салуды жалғастыру керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "РБК" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, екі аптадан бері коронавирус пен тұмаудың таралуы айтарлықтай өскен және бұл үрдіс жалғасады деп күтіледі. 

ДДСҰ басшысы COVID-19-ды емдеу аурудың күрделі өтуі мен өлімге әкелудің алдын-алатынын еске салып, тестілеуден өтуге және медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Сол себепті маска тағып, қашықтықты сақтау маңызды екенін атап өтті. Короновирус пен тұмауға қарсы вакцинаны салдыруға кеңес берді. 

Гебрейесус билік өкілдері сенімді сараптамалық сынақтардың, емдеу мен вакциналардың қол жетімді болуын қамтамасыз етуін, сондай-ақ аурудың өсуін бақылап, халыққа дұрыс ақпарат жеткізуге шақырды.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында ДДҰ әлемде COVID-19 ауруы 28 күнде 52%-ға өскенін хабарлады. Жалпы 850 мыңнан астам адам коронавируспен ауырған. Ең көп жаңа жағдайлар Ресейде тіркелген. Оның жалпы саны 279,4 мың науқас. ДДҰ мәліметтері бойынша, елде сырқаттанушылық 130% - ға өскен.

2023 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Санкт-Петербургте жаппай жаңа жылдық, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу кезінде мекеме қызметкерлері үшін маска кию режимі енгізілді. Бұған дейін Мәскеудің Роспотребнадзор басқармасы ел астанысының тұрғындарын инфекцияның алдын алу үшін қоғамдық орындарда бетперде киюге шақырған.

Талқылау