Чили балықшылары апат пен ауру хабаршысы болып саналатын балықты ұстап алды
Чилидің Арика қаласында тұратын балықшылақ ұзындығы 4,8 метр болатын "майшабақ патшасын" ұстап алды. Балықтың бұл түрін адамдар зілзала, апат хабаршысы деп те атайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі LADBible-ге сілтеме жасап.
Мамандардың сөзіне сенсек, бұл балық теңіздің түбінде өмір сүреді. Судың бетіне қандай да зілзала, апат, дауыл, тектотиналық қозғалыс немесе ауру пайда болар кезде шығады.
Жергілікті билік не себепті балықтың мыңдаған метрді артқа тастап, жоғарыға шығуының себебін анықтамақ.
Аңызға сәйкес, мұндай балықты ұстаған адамды қарғыс ұрады. Жалпы бұл балық катаклизмнің басталуы мен тыныш, жайлы өмірдің аяқталуын білдіреді деген наным бар.
Ал TikTok қолданушылары жақында жер сілкінісі, цунами болады, сондықтан алдын ала қамдану керек деп қалжыңдауда. Ірі балықтың ұсталған видеосы желіде 10 миллионнан аса қаралым жинады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар