"Чемпиондар, қайдасыңдар?": Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін "Канелоны" жекпе-жекке шақырды
WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңген соң мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жекпе-жек АҚШ-тың Стоктон қаласында өтті. Ал Әлімханұлының жекпе-жегі кештің басты оқиғасы болды.
"Қайырлы кеш! Чемпиондар, қайдасыңдар? Мен сендерге барамын. Орта салмақтың патшасы менмін. Жекпе-жекке шығыңдар. Ертең десеңдер, ертең-ақ жұдырықтасуға дайынмын. Кез келген салмақта кез келген адаммен жұдырықтасуға әзірмін. Канело мен Чарло, мен сендерге бара жатырмын", – деді Әлімханұлы.
Осылайша отандасымыз WBO белбеуін екінші рет қорғап қалды.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлерді 2-раундта нокаутпен жеңген еді.
"Табысы жоғары": Қазақстандықтарға жалақысына байланысты жалдамалы баспана беруден бас тартып жатыр
Әйел банк белгілеген табыс шегіне наразылық білдірді
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес

