Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жақында бірге боламыз": Дәурен Айдарқұлов пен бірінші некесінен туған балаларының суреті қызу талқыға түсті

Дәурен Айдарқұлов бірінші некесінен туған балалары мен анасының суретін жариялады. Бұл Ақбота екеуінің ара қатынасына елеңдеп жүрген желі қолданушыларын одан әрі қызықтырып қойды.

Мүлдем сүйіспеңіздер: Дәурен Айдарқұлов жігіттерге кеңес берді

Дәурен Айдарқұлов желідегі парақшасына бірінші некесінен туған балалары, анасы мен өзі түскен суретті жариялады.

"Бұйырса жақын күндері бірге боламыз", - деп жазды актер.

Бұған дейін Айдарқұлов пен Ақбота ресми түрде ажырасатынарын мәлімдеген еді. 4 жыл бұрын өнер жолында танысқан ғашықтардың махаббат хикаясы аяқталғанға ұқсайды. 


Айдарқұлов Ақботамен түскен алғашқы суретін жариялап, қоштасы жазбасын қалдырған еді.


Шатағыңыз болмасын: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелі жайлы айтқан оқырманының аузын жауып тастады

Актер үлкен ұлы Абдурахманды туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

"Биыл көрермендерді кино әлемімен қуантамыз деп ойлап отырмын. Ләйім солай болса екен. Ұлым ең алдымен күзден бастап қашықтықтан оқитынын естігенде қатты қуанды. Ол болашақта блогер болғысы келеді", - деп жазды әкесі.

Желі қолданушылары сан сауалдар қойып үлгерді.

"Бірінші отбасына қайтып бара ма?", "Екі оттың ортасында қалды", "Қатесін енді түсінген болар", "Балаларын сағынған шығар", "Хайп қуған заманда ешнәрсеге сенім жоқ", "Өздеріне назар аудару үшін ғана", - деп жазды олар. 

Талқылау