Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бюджет ақшасын жымқырды деп ұсталған Энергетика вице-министрі туралы не білеміз?

Астанада кезекті жемқорлық дауы! Бұл жолы Энергетика вице-министрі қамауға алынды. Жемқорлыққа қарсы ұлттық Бюро Ғани Сәдібеков   миллиард теңгеден астам бюджет ақшасын  жымқырды деген күдікке алды.  Қолына кісен салынғандардың ішінде лауазымды шенеуніктердің сыбайластары да бар, деп хабарлады КТК.

Энергетика вице-министрлігінде тінту түнімен жүрген. Ұлттық бюроның тергеушілері Ғани Сәдібековтің кабинетін мөрлеп қаржылық құжаттарын тәркілеген. Ұлттық бюроның мәліметіне  қарағанда  жастағы вице-миинстр «Аймақ» деген жеке фирманың басшысы Дәурен Дуанбековпен бірігіп бюджет ақшасын жымқырған.

Негізі қолды болған қаржы әйгілі Шучинск – Бурабай курортындағы көлді тазарту үшін былтыр бөлінген. Міне мына видеода сол ұрланған  жүз долларлық АҚШ ақшасы мен 10 мың теңгелік купюраларды  жемқорлықпен күрес қызметкерлері үстел үстіне тізіп жатыр.

“Көлемі аса арттырылған атқарылған жұмысқа жалпы соммасы 3,6 миллиард теңге бөлінген. Аталған қаражаттың бір миллиарды қолма-қол алынған және жымқырылған. Сонымен қатар қылмыс жасауға  Энергетика министрілігінң департамент басшысы Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері Жұмалинов және Қадырбердин қатысқан”, – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Яғни, вице-министр бастаған сыбайластар көлді тазарту үшін қызмет ақысын негізсіз көтеріп, артылған ақшаны  қалтаға басқан екен. Ұрланған қаржы  Ғани Сәдібековтың кабинетін тінту кезінде табылып отыр.Қазір ауызжаласқан күдіктілер тергеу изоляторында.  Негізі вице-министр туристерді тартуы тиіс мына Бурабайдағы көлді тазартуы керек болған. Бірақ, шенділер ақшаны қалтаға басып қана қоймай, көлдегі қоқыстарды да жинамаған секіді. Өйткені, тұрғындар  курорттың лас күйде екенін айтып талай рет шағымданған.

-Негізі ұсталған вице-министр Ғани Сәдібеков аса белсенді тұлға емес. Ол Қанат Бозымбаевтың командасына қалай келген екен?

Иә, кісенделген шенеунік Энергетика министрің оң қолы. Яғни, министрлікке 2016 жылы Бозымбаевпен бірге келді. Оның алдында да екеуі Жамбыл облысының әкімдігінде бірге қызмет атқарған. Әрі Бозымбаев Павлодар облысы әкімі болған кезде Сәдібеков оның орынбасары болған. Ал, министрлікте экология мәселесіне жауапты болды. Сондықтан да көлді тазартамын деп, бөлінген ақшаны жымқырған дейді тергеушілер. Енді қоластындағы сенімді серігінің шатылып жатқанына қарағанда Бозымбаевтың да басына қара бұлт үйірілуі әбден мүмкін. Қазір министрлікте жемқорлық дауынан соң қызметтік тексеру жүріп жатыр. Тіпті ведомство тергеуге араласа алмаймыз деп вице-министрдің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада министрлер, шенеуніктер мен депутаттар қазақ тілі курстарына жаппай ағыла бастады

Танымал саясаткер қазақша сөйлеп ұятқа қалғандарды қолдауға шықырды

Тоқаев: Жихадты насихаттайтын радикалды топ бүгінде зор саяси күшке айналды

Қазақша жауап бере алмаған министр сенаторлар алдында әбден састы (видео)

Талқылау