"Бұрынғы әйелімен бір киноға түсіп жүр": Баян Мақсатқызы Сәбит Әбдіхалықовты еркектерге үлгі етті
Баян Мақсатқызы бір жобада бой көрсетіп жатқан актер Сәбит Әбдіхалықов пен актриса Айгүл Иманбаеваны көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұлдызды жұп “Көке” атты фильмге түсіп жатыр. Режиссері – Асылжан Әбдімүтәлі.
“Бүгін түсірілім алаңына Сәбит Әбдіхалықов келді. Идея авторы мен бас продюсері. Бұрынғы әйелімен бірге киноға түсіп жатыр. Недеген идеалды қарым-қатынас?! Сәбит сонымен қатар қазақ демографиясына үлес қосып жүр. Бүгінде жеті баланың әкесі. Әлі де үлес қоспақ”, – деп күлді Баян Мақсатқызы.
Жуырда еліміздің барлық кинотеатрында көрсетілетін фильмнің сюжетін Айгүл Иманбаева айтып берді.
“Менің образым – Қарлығаш Капенова. Әкімшіліктің идеология бөлімінде жұмыс істейді. Өзіме де қызық болып тұр. Режиссері – Асылжан Сәбитұлы. Баршаңызға сәттілік тілеймін”, – деді актриса.
Еске салайық, "Көкіректі кесіп, аяқтан төрт тамыр алып жалғады" деген Сәбит Әбдіхалықов денсаулығына алаңдаған жұртқа алғыс айтқан еді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?