Державалар арасындағы соғысты аяқтау туралы диалог Қазақстанға пайда әкеледі – Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайға қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайға пікір білдірді. Айтуынша, алпауыт елдер арасында соғысты тоқтату жөнінде дипломатиялық келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Президент еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды.
“Ең алдымен біздің мемлекетімізде, елімізде тыныштық болуы керек. Біз үшін бастысы – елдегі тыныштық пен тұрақтылық. Біз түрлі ұлт өкілдерімен бірге бірлікте болуды ұстанамыз. Біз – бір қоғам, бір елміз.
Қазір Украина жөнінде көп әңгіме болып жатыр. Алғашқы кезден бастап бұл соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу керек деген ұстанымда болдық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа келетін болды. Алпауыт елдердің арасында қазір саяси диалог болайын деп жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Ол Қазақстанға да пайда әкеледі. Бұл тенденцияны біз мейлінше қолдаймыз”, – деді Тоқаев.
Еске салсақ, бұған дейін Зеленский Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін айтқан еді.