"Бұл өте қорқынышты": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қысым көріп жатқанын айтты
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Бақытжан Байжановтың сот процесінде өзіне қысым жасалып жатқанын айтқаны туралы сөзіне пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: nazymkakharman Instagram парақшасынан алынды
3 сәуір күні өткен сот отырысында Гастроцентрдің бұрынғы директоры Бақытжан Байжанов сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қысым көрсетіп жатқанын айтқан болатын.
Осыдан кейін Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назим Қаһарман Instagram желісіндегі парақшасында өзіне де қысым жасалып жатқанын хабарлады.
"Жалғыз оған ғана емес, маған да қысым көрсетіп жатыр! Бұл өте қорқынышты. Сот Бақытжанды Қуандықтан бөлек отырғызады деп сенемін", — деп жазды Назым.
Фото: nazymkakharman Instagram парақшасынан алынды
Еске салайық, Қуандық Бишімбаевқа қатысты 3 сәуір күні өткен сотта тағы бір сотталушы Бақытжан Байжанов өзіне қысым жасалып жатқанын айтқан еді. Байжановтың адвокаты сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың бөлек отыруын сұрады.
Айта кетейік, Астанада айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бұған дейін экс-министр Бишімбаев сотта әйелінің қаза тапқан кезін баяндаған.
Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.
Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов - қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.