Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нүкенованың өлімі: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі не себепті осы уақытқа дейін үнсіз қалғанын айтты

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты және балаларының қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Мен үнсіздігімді қойып, пікір айтайын деген шешім қабылдадым. Салтанаттың қайғылы қазасынан бері 40 күннен астам уақыт өтті. Балаларға және маған не болып жатқанын түсіну үшін уақыт керек болды.

Балаларым және мен Салтанаттың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Мен Салтанатпен жеке таныс емес едім. Алайда балаларым онымен дос болып, Салтанатты ашық-жарқын, мейірімді және өте жанашыр адам ретінде еске алады", – деп жазды Назым Instagram парақшасында.

Ол балаларының оқиғаны қалай қабылдағанын айтып берді.


"Журналистердің кесірінен ұлыма кісі өлтірді деген айып тағылды": Қуандық Бишімбаевтың әкесі БАҚ өкілдеріне қарсы арыз жазды


"Бұл нәрсені балалырмның ең жақыны, тірегі, қолдаушысы болуы керек адам жасағаны ауыр тиді. Қорқынышты, ұят әрі қатты қиын.  Балаларым басынан өткерген қиыншылық, әрине Салтанаттың туыстарының азабының жанында түк емес. Бірақ балаларымның жақсылық пен мейірімнің жағында болатынына сенемін”, – деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Естеріңізге сала кетейік, Назым Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл болған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ жақында Сенат отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеу жақында аяқталатынын айтты.

Талқылау