Ішкі істер вице-министрі Бишімбаевтың тергеуі қашан аяқталатынын айтты
Сенат отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеу мерзімі қашан аяқталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қожаевтың айтуынша, тергеу жақын арада аяқталуы тиіс. Сараптама нәтижесін күтуіміз керек.
"Тергеу, сараптама қорытындысы, іс аяқталған соң екі тарапты құжаттармен таныстыру қажет. Бұл да уақытты алады. Содан кейін іс сотқа жіберіледі", – деді министрдің орынбасары.
Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады