Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл іске полиция кінәлі": Қаржы пирамидасының салымшылары Мейіржан Төребаевты босатуды сұрады

Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына салым салып алданғандар баспасөз жиынын өткізді. Олар кенеттен күмәнді компанияны жарнамалаған және оның негізін қалаушылардың бірі деп танылған блогер Мейіржан Төребаевты қорғап шықты. Сонымен қатар, зардап шеккендер тергеу барысына наразы екендіктерін тағы да атап өтіп, істі ішкі істер министрлігіне беруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Олар ақшаны өз еркімен бергеніне қарамастан Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахмановты барлығына кінәлі деп санайды. Олар тергеу жұмыстарына көңілі толмайтындарын айтып, істі ІІМ-ге тапсыруды сұрайды. Себебі, тергеу бір жылға созылып кеткен. 

“Біз тергеуші Омаровқа келгенде біздің арыздарымыз оның кабинетіндегі еденде жатты. Кешегі күнге дейін бізге, тіпті, қаулылар берілген жоқ. Біз жәбірленуші болғанымызды мойындамадық. Біздің топтан тағы 12 адам қалды, олар жәбірленуші деп тану туралы қаулысыз қалды.Ішкі істер министрлігіне қандай да бір түрде бізге объективті тергеу жүргізіп, өз бақылауына алуы үшін көмек сұраймыз”, – дейді Ілияс Байылдинов. 

Ал әлеуметтік желілерде күмәнді компанияны жарнамалаған және тең құрылтайшылар тізімінде тұрған блогер Мейіржан Төребаевты енді салымшылар қамаудан босатуды талап етуде. Жиында өткен аптада ІІМ ғимаратының жанында өзін өртеп жіберген әйел де сөз сөйледі. Қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған Бағила Досмаилова бұған дейін Төребаевты жауапқа тартуды талап еткен. Бірақ қазір ойын өзгертіпті. 

“Абдрахманов ... егер погоны бар адамға сенбесем кімге сенуім керек? Ол маған егер Мейіржан мен Мейірханды кінәлап, қысым көрсетуді жалғастыратын болсаң, онда сен өз ақшаңды тезірек аласың деп айтты. Блогерледі айыптамаймыз, оның ішінде Мейіржан да бар. Біз бұл туралы айттық. Оның ешқандай кінәсі жоқ. Егер қандай да бір кінә болса, тергеу дәлелдейді. Тек жарнамалағаны үшін кінәлауы мүмкін”, – дейді ол. 

Күдіктілердің қатарында басқа да танымал қазақстандық блогерлер бар. Олар: Әзімжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязов. Тергеу мәліметтері бойынша, олар да қаржы пирамидасын басқарып, оны жарнамалаған. Бірақ алданған салымшылары қандай да бір себептермен оларды қорғамай отыр. 

“Әзімжан, Мейірхан туралы білмеймін. Мейіржан өз тергеуін жүргізді. Ол компанияға 2020 жылдың қараша айында барған. Ал Mudarabah Capital пирамидасы туралы сигнал 2020 жылдың 27 қазанында Алматы полиция департаментіне түсті. Яғни, бір ай айырмашылық бар. Алдымен тергеуші Омаров бізді блогерлерге алып барды. Біз қаржы пирамидасын құрған қылмыстық істің негізгі айыпталушылары бостандықта қалатынын көріп тұрмыз”, – дейді Ілияс Байылдинов. 

Талқылау