Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл Әйтеновтің жалғыз баспанасы емес": Шымкенттің экс-әкімінің ағасы әйелі мен балаларын үйінен қуып шықты (видео)

Бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновті зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған қазақстандық Дана Әтешова өзін үш баласымен үйінен қуып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Дана Әтешованың сөзінше, күйеуі балаларына төрт бөлмелі үйді қалдыратынын, бірақ шарты бар екенін жеткізген.

"Жоғарғы сот әділ шешім шығаруы керек. Өйткені бүкіл алимент өндіру ісі әділ шешілді. Әйтенов маған балаларына төрт бөлмелі үй қалдыратынын, бірақ шарты бар екенін жеткізді. Ол үйді біздің атымызға рәсімдейтінін, бірақ оның орнына басқа нәрсе беруім керекгін айтты. Айтуынша, мен жазғанымның бәрін өшіріп, одан кешірім сұрауым керек екен. Мен ешқашан өтірік айтқан емеспін. Егер өтірік айтсам, мені жала жапты деп сотқа беруі мүмкін. Ол бар күшін салып мені үйден қуып шықпақшы", – деді ол.

Әтешованың сөзінше, бұл үй Марат Әйтеновтің жалғыз баспанасы емес.

"Бұл 600 шаршы метрлік үй. Үйді иемденуге менің құқығым жоқ. Бұл үйді балаларға қалдырғанын қалаймын. Себебі олар осы үйге үйреніп қалды", – деді ол. 

Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасының бұрынғы әйелі Дана Әтешова зорлық-зомбылыққа ұшырағанын бірнеше рет мәлімдеген.

2023 жылдың 17 сәуірінде елордада Жоғарғы сот ғимаратының алдында бір әйел пикетке шықты. Анықталғандай, Астана қаласының Есіл соты әйелді үш баласымен үйден шығару туралы шешім шығарған. Сонымен қатар әкесін заң бойынша алимент төлеуге міндеттемеген. Дана Әтешова мұндай әділетсіз шешім бұрынғы күйеуінің ықпалды шенеунікпен туыс екеніне байланысты болғанын жеткізді. 

Талқылау