Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бузачи Нефть" компаниясы Маңғыстау өңірінің дамуына 50 миллион теңге қаржылық қолдау көрсетеді

"Бузачи Нефть" компаниясы Маңғыстау ауданының әкімдігімен әлеуметтік мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасады. Компания осы бағытта 50 миллион теңге қаржылық қолдау көрсетеді.

Келісімге Маңғыстау ауданы әкімдігі тарапынан құжатқа әкімнің орынбасары Маралбек Сейілов пен "Бузачи Нефть" ЖШС тарапынан бас директордың орынбасары Данияр Дүйсембаев қол қойды.

Меморандумның мақсаты бойынша "Бузачи Нефть" Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Қызан, Ақшымырау, Шебір, Тұщықұдық ауылдарында әлеуметтік жобаларды және инфрақұрылымды дамытуға 50 миллион теңге көлемінде өтеусіз қаржылық көмек көрсетеді.

Маңғыстау ауданының әкімдігі қолданыстағы заң шеңберінде берілген өтеусіз қаржылық көмектің мақсатты пайдаланылуын бақылайды.

"Бузачи Нефть" өзінің барлық жобаларына, соның ішінде әлеуметтік саладағы жобаларына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Осы Меморандум Маңғыстау өңірінің дамуына зор үлес қосатынына сенімдіміз", – деді Данияр Дүйсембаев.

Талқылау