Бурабайда бір қоңырау шалумен бекеттен өткен азаматтың кім екені анықталды
Бурабай бақылау бекетін біреуге қоңырау шалу арқылы кесіп өткен азаматтың кім екені және не себепті мұндай әрекетке барғаны белгілі болды. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше полиция қызметкері де, жүргізуші де ешқандай тәртіп бұзбаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ал әлеуметтік желіде қызу талқыланған бейнежазбадағы азамат Юрий Соловьев есімді Көкшетау қаласының тұрғыны екен. Ол - триатлон спорты бойын ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Спортшылардың оқу жаттығу шаралары курорттық орналасқандықтан бас жаттықтырушыға осы аралықты еркін жүріп тұруға ресми түрде рұқсат етілген. Алайда сол күні рұқсат қағазы жолаушының қалтасынан табылмаған. Сол себепті мәселенің мән-жайын қоңырау шалу арқылы шешуге мәжбүо болыпты.
Еске салайық, демалыс орнына кіретін жол торабындағы бекетте күні кеше жол талғамайтын көлік тізгіндеген жүргізушінің әрекеті желіде қызу талқыланып, такси жүргізушілерінің ашуын келтірген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы