Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украиналық әйел үшін он жыл отасқан жарын тастап кеткен азамат бизнесінен айырылды

Британиялық Энтони Гарнетт украиналық ару үшін өзінің әйелін тастап, ақырында тақырға отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Гарнетт пен оның әйелі Лорна 22 жастағы Львов тұрғыны София Каркадымды үйіне кіргізген. Алайда бірнеше күннен кейін Гарнетт он жыл отасқан жары мен балаларын тастап, украиналық әйелге кетіп қалған. 

Британиялық азаматтың табысты бизнесі бар еді. Ол Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметімен келісімшартқа отырған күзет фирмасын басқарған. Журналистер оның жаңа қарым-қатынасын желеулетіп, жұмыс орнына жиі келе берген соң, шенеуніктердің мазасы қашып, ақырында Гарнетт жұмысынан айырылды. Гарнетт кейде қызметкерлерін пабтар мен клубтарға жіберіп тұратын. Алайда онда да журналистер маза бермей, Гарнеттің телефон нөмірін сұраумен болған. Ақырында Гарнетт күн көріп отырған табысынан түгелдей дерлік айырылды. 



"Мен газеттердің маған төлейтін ақшасына күн көріп келдім. Енді несиелік лимиттерді бітірдім, маған отбасымның мүшелері көмектесіп тұрды", – дейді ол. 

Айтуынша, енді ол жаңа әйелімен тұрып жатқан үйіне жиһаз да алмай отыр. 

Талқылау