Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бриллиант жауған той": Айнұр Тұрсынбаева немересінің бір жасын дүркіретіп атап өтті

Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева немересі Әлемнің бір жасын жасап, тұсауын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Айтыс сахнасының жұлдызы Ыстамбұл қаласынан ұшып келіп, Алматыда өнердегі дос-жаранның басын қосты. 

“Әлемнің тұсауын әлемге қазақты танытқан адам кесуі керек деп ойладық. Біреуі – менің туған ағам, біреуі – туған бауырым. Туған ағам – Қыдырәлі Болманов, қазақтың өнері үшін бүкіл өмірін арнаған қазақтың азаматы. Қаншама қазақ баспаналы болсын деп қазақ үшін түн ұйқысын төрт бөлген Дәулет Мұқаев арнайы Астанадан келіп тұр", – деді той иесі. 



Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қуанышқа ортақтасып жатыр. 

“Тойға шақырылмасақ та, тойда отырғандай болып отырмыз”, "Немереңіздің алғашқы қадамы құтты болсын! Сол қадамымен биік шыңдармен асу белестерді бағындырсын. Әлемге аты шыққан Әлем болсын. Әлемнің қасында айдай жарқыраған әжесі болсын", "Жаңа жасы құтты, берекелі жас болсын, Алла деніне саулық берсін, ғұмырлы қылсын! Бақытты балалық шақ тілеймін, ата анасы аман болсын! Аллахым артынан іні-қарындастарын берсін", “Бриллиант пен бренд жауған той болыпты”, “Алтын комплекті Қайрат Нұртастың мамасы ұтып алған”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Жеңіс Ысқақова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваны сынап, “әйелдерді адастырып жүр” деп айыптаған еді. 

 

Талқылау