Браконьерлер тобы 3 мың ақбөкенді өлтірді: Президент тоқтау салуды тапсырды
Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері кемінде 3 мың ақбөкенді өлтірген топты ұстады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Браконьерлер табиғаттың мұрасы - ақбөкенді аулауды жалғастыруда. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері кемінде 3 мың Ақбөкенді өлтірген банданы ұстады», - деп жазды Қазақстан президенті.
«Браконьерлерді заң бойынша қатаң жазалау керек. Құқық қорғау органдары заңсыз аулауды тоқтатуы керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін ҚР ҰҚК қызметкерлері ақбөкен мүйіздерін заңсыз әкететін қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарланған болатын.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”