Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бозжырада "Адай" күйін ойнаған музыканттар көпшілікті тамсандырды

Әлеуметтік желілерде Бозжыра шатқалында домбырашы Маржан Капсамат пен виолончелист Бағжан Октябрьдің "Адай" күйін орындағаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Домбырашы Маржан Капсамат пен виолончелист Бағжан Октябрь Маңғыстау облысының Бозжыра шатқалында  Құрманғазының әйгілі туындысы - "Адай" күйін орындады.

Ролик қазақстандық және шетелдік желі қолданушыларын тамсандырды. 

"Ой, қандай керемет! "Адай" күйінің нағыз бейнесін тауыпты! Жарайсыңдар, өнерпаз ұландар! Қандай тамаша! Табиғат не деген көркем! Мұндай өлке тек бізде ғана екен ғой. Киімдері қандай сəнді", - деді қазақстандық желі қолданушысы.

"Керемет. Бірнеше рет қайталап тыңдадым", - деді тағы біреуі.

"Өте әдемі", - деп жазды Түркия азаматы.

"Уау! Керемет. Бразилиядан Сәлем", "Индонезиядан Ассаламалейкум", "Көзіңе жас келтіреді!", "Рухқа толы!",- дейді басқа қолданушылар.

Айта кетейік, Бозжыра шатқалы Маңғышлақ түбегінде, Үстірт үстіртінің батыс бөлігінде, Ақтау қаласынан шамамен 300 шақырым жерде орналасқан.

Кейбір саяхатшылар Бозжыраны АҚШ-тағы Үлкен Каньонмен салыстырады және оны "қазақстандық Аризона" деп атайды. 

Талқылау