Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бөтен аналардың 29 сәбиін емізіп шығарған әйел анықталды

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Вирджиния-Бич қаласының тұрғыны 30 нәрестені өзінің сүтімен емізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өзінің ұлы туған соң АҚШ-тың Кристина Реш есімді тұрғыны сүтінің босқа қалып кетіп жатқандығын анықтапты. Ысырап қылмауы үшін ол сүтін бөтелкеге құйып, тоңызытқышға сақтай бастапты. 

Реш құрбысының емізетін қызына сүт жетіпейтінідігін естіп, оған өзіннің сүтін беруді жөн көріпті. Содан кейін ол тоңазытқыштағы сүтін Facebook желісі арқылы тегін таратуды шешіпті. 17 айдың ішінде әйел 355 литр сүт таратып, 29 нәрестені тойдырған. 

Көбіне әйел сақталған сүтін жетім сәбилер мен жасанды ана сүті жақпайтын нәрестелерге ұсыныпты. Бұған қоса одан баласын белігілі бір себептерге байланысты емізе алмай жүрген аналар да көмек сұрапты. 

"Бір әйел өзінің егіз нәрестелері үшін сонау Ричмондтан келді", - дейді Реш. 

Ричмонд қаласы Вирджиния-Бичтен 100 шақырым жерде орналасқан екен. 

 

STAN.KZ
Жұма, 20 Желтоқсан, 2019 18:44
Талқылау