Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бортында қазақстандықтар бар делінген ұшақтың егістік алқабына қону себебі анықталды

Сочи - Омбы бағытында ұшқан жолаушылар ұшағы Ресейдің Новосібір облысындағы егістік алқабына шұғыл қонды. Апатқа үш гидрожүйенің бірінің істен шығуы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: News.ru

"Орал әуе жолдары" компаниясының бас директоры Сергей Скуратов оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

"Омбыға жақындағанда қону кезінде ұшақтағы жасыл гидравликалық жүйе істен шықты. Жалпы, ұшақта үш гидравликалық жүйе бар: жасыл, сары және көк. Олардың әрқайсысы ұшақ элементтерінің белгілі бір жұмыс параметрлеріне жауап береді", - деді ол. 

Ұшу кезінде ұшақ бортында 170 адам болған, оның ішінде қазақстандық әйел, Павлодар қаласының тұрғыны Ольга Мухутдинова бар. Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді

"Күйеуім екеуміз Сочиде демалып, Қазақстанға қайтып келе жатқанбыз. Қону кезінде қатты қорықтық, бірақ бәрі тез болып өтті. Бізді Убинское кентіндегі облыстық мәдениет үйіне орналастырды. Шәй, бутербродтар таратты, бәрі жақсы", - деді.

Қазақстандықтың айтуынша, жолаушылар екі топқа бөлінеді: бірі Омбыға, екіншілері Новосібірге жөнелтіледі.

"Біз Омбыға жетуіміз керек, содан кейін Павлодарға ұшамыз. Омбыға қарай алты сағат жүреміз. Түскен соң қонақ үй іздеу керек. Сосын ертең ары қарай жолға шығамыз", - деді ол.

Талқылау