Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әскери ұшақ мәжбүрлі түрде жерге қонды

Боралдайдан ұшқан санитарлық ұшақ жерге мәжбүрлі түрде қонған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

Азия Континенталь әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесінің Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км мәжбүрлі түрде қонды. 

​"2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12:26-да​ Іле ауданының Боралдай кентінде "Боралдай-Кеген" бағытында санитарлық авиация бойынша әуежайдан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышының жұмыс істемей қалуына байланысты шұғыл жерге қонуға мәжбүр болды", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Ұшақ бортында 5 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға орнына ТЖД (7 қызметкер мен 2 бірлік техника), «Боралдай» аэродромы авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандары (15​ қызметкер мен 5 бірлік техника) барды", - дейді ол. 

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.

Талқылау