"Болат Назарбаевтың тоқалымын" деп танылған Динара Әлжан: "Егіз туғым келеді"
Өзін Болат Назарбаевтың тоқалымын деп таныстырған атышулы Динара Әлжан “Менің өмірім” бағдарламасында алдағы жоспарларымен бөлісіп, бұрынғы күйеуі жайлы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/dinaralzhan
Бағдарлама жүргізушісінің “Болашақта қандай Динараны көреміз?” деген сауалына Динара Әлжан: “Қателеспейтін Динараны көресіздер. Әрине, әр әйелдің арманы – күйеуге шығу. Күйеуге шықсам, отбасылы болсам, егіз балаларды дүниеге әкелсем деп армандаймын. Қазіргі кезде басым бос”, – дейді әнші.
Динара Әлжан “Қыздар-ай” бағдарламасында бірінші күйеуі туралы айтып, некесінің сәтсіз аяқталуының себебін түсіндірді.
“18 жасымда тұрмысқа шықтым, бірінші күйеуім – өзімнің құрдасым. Тұрмысқа шығып, бала көтергеннен кейін салмағым 110 келі болды. Күйеуіммен танысқанда 50 келі едім. Жаңғақты, апельсин, ұн өнімдерін көп жейтінмін. Аузыма тыным болмайтын. Бөксем, ішім үлкен болатын. Бірақ үй шаруасын дөңгелетіп әкететінмін. Ата-енемнің жағдайын жасадым. Олар –жақсы кісілер. Бірінші күйеуім – үйдің үлкені әрі еркесі. Одан бөлек қайын інім болды. Тұрмысқа шықпай тұрып спортпен айналыстым, жеке бизнесім болды, сымбатыма да көңіл бөлетінмін. Содан бірден семіріп кеттім. Сөйтіп күйеуім: “Сен семіріп кеттің. Сенімен қонаққа баруға ұяламын” дейтін болды. Қызым дүниеге келгенше шыдадым, кейін ажырасып кеттік. Босанған соң қырық күнде 45 келіге арықтадым. Күйеуім өз кінәсін түсініп, кешірім сұрап келді, бірақ мен кешіре алмадым”, – дейді Динара Әлжан ақтарыла.
Бұған дейін Динара Әлжан өзі жайлы кино түсіретіні туралы айтқан болатын.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр