Алматыда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырында чемодан өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен

Алматыда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырында чемоданды өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде екі баланың үйдің шатырында өртеніп жатқан чемоданды сүйреп жүргені, кейін өрт баспалдағы арқылы төменге түсіп, қашып кеткені түсірілген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Алматы полициясы жағдайға қатысты түсініктіме берді.
“Бұл дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Қазір кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалары анықталып жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ міндетті түрде жасөспірімдердің өздерімен де, олардың заңды өкілдерімен де профилактикалық жұмыс жүргізіледі”, – делінген полиция хабарламасында.
Полиция мұндай әрекеттер жасөспірімдердің өздеріне де, айналадағы адамдарға да қауіп төндіретіні және ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда ер адам көпқабатты үйдің дәлізіне жанармай шашып, өртемек болғаны туралы жазған едік.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті