"Белден төмен істемейді": Өнер қырандары актерінің денсаулығы сыр берді
“Өнер қырандары” әзіл-сықақ театрының актері Меліс Наурызбековтің денсаулығы сыр берді. Мұны театр директоры Мадияр Серікбаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның сөзінше, актердің беліне ота жасалған. Дәрігерлер оған кемінде бірнеше ай тынығып, ауыр қозғалыстан бас тартуға кеңес берген. Алайда Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарға шығып, сахнаға қайта оралған.
Мадияр Серікбаев актердің жағдайы кейін қайта нашарлағанын жеткізді.
“Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалған. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалып жатыр аяғы. Тұра алмай жатыр. Алла шипасын берсін”, – деді Мадияр Серікбаев.
Театр өкілі көпшіліктен Меліс Наурызбековтің сауығып кетуіне тілектес болуды сұрады.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
