Алматыда жер сілкінісі сезілді
Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрілігінің мәліметінше, жер сілкінісі 2026 жылдың 4 маусымында Астана уақыты бойынша 21:19-да тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 30 шақырым тереңдікте болған.
Ең қуатты жер асты дүмпулері Жаркент қаласында тіркеліп, онда есептік қарқындылық 4 балл болды. Сондай-ақ Сарқан, Жансүгіров, Текелі, Шонжы және бірқатар басқа елді мекендерде жер сілкінісі 3 балл шамасында сезілген.
Алматы, Талдықорған, Қонаев, Есік, Талғар, Үшарал және өзге де елді мекендерде есептік қарқындылық 2 балл болды.
Сейсмологтардың мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар