Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсе ме: Еңбек министрлігі жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қазақстандықтардың зейнетақысын индекстеу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы зейнетақы төлемдері елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жыл сайын индекстеледі. Индекстеу кезінде болжамды инфляция деңгейі ескеріледі дейді.

“Зейнетақы төлемдері инфляцияның орташа болжамды деңгейіне негізделген әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жыл сайын индекстеледі”, – деді Виктория Шегай.
Сонымен қатар ол кей жағдайларда зейнетақыны қосымша индекстеу туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін айтты.
“Қосымша индекстеу тек белгілі бір кезеңдерде және мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылады. Қазір мұндай мәселе қаралып жатқан жоқ”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жүйесі реформаланатыны туралы жазған едік.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"