Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болашағы жарқын еді": Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Альберт Линдер жайлы пікір білдірді

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев өз-өзіне қол салған Альберт Линдер жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Линдер

"Ол туралы еске алу қиынға соғады. Біз бірге жаттықтық және оның халықаралық деңгейдегі алғашқы жетістіктері де есімде. Болашағы жарқын еді. Өз ағзасын қалай дұрыс пайдалану керегін білетін. Әрқашан көңілді жүретін, өмірге де жеңіл қарайтын. Біз оны "бұйра" деп атайтынбыз, қамқор болатынбыз. Ол да үлкендерге құрметпен қарайтын", - деді ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында. 


Ауыр атлет Линдердің өліміне қатысты іс тоқтатылған: Марқұмның анасы бұл шешіммен келіспейді


Спортшы Линдердің өліміне қатысы барлар жайлы да айтты. 

"Оның өліміне қатысы бар адамдар туралы айтқым келмейді. Жаттықтырушыларды да, ешкімді айыптамай-ақ қояйын. Мұның еш мәні жоқ", – деп қосты Жасұлан Қыдырбаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық істің жабылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау