Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлет Линдердің өліміне қатысты іс тоқтатылған: Марқұмның анасы бұл шешіммен келіспейді

Полиция Альберт Линдердің өз-өзіне қол жұмсау ісін жапқан. Қазақстандық ауыр атлеттің анасы бүгін тергеу жұмыстары аяқталғанын біліп, наразылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп хабарлайды.

“Біресе талдау нәтижелері, біресе медициналық сараптамасы дайын емес. Екі айға созып жіберді. Содан соң шамамен бір жарым ай өткен соң Седовпен көзбе-көз беттестірді. Онда Седов нақты ештеңе айтқан жоқ. Қандай зертхана сынақ талдамасын алды деп сұрағанымда, ол  есінде жоқ екенін айтты. Менің білуімше, әр құжатқа аға жаттықтырушы қол қояды. Ал жала жабуға қатысты істің де тоқтатылғаны бар, бірақ мен барлық допинг-бақылауларда Альберт таза екендігі туралы құжаттарды ІІБ-ға ұсынғанмын”, – деді Наталья Линдер, қайтыс болған А. Линдердің анасы.

Қайтыс болған ауыр атлетшінің анасы қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтату туралы хабарлама алған.

Наталья Линдер ұлы бірге жаттыққан қола олимпиада жүлдегерлері куәгерлік етті. Әйел полицияға қайта арыз жазуға ниетті.

Еске салсақ, 25 жастағы Азия чемпионы өзіне қол салғаны қыркүйек айында белгілі болды. Содан кейін аға жаттықтырушы Сергей Седов айыпталған болатын. Ол, өз кезегінде, Рио Олимпиадасының алдында Линдердің допинг-тестінен өте алмағанын айтқан. Ал спортшылар ұжымдық шағым жазды. Жаттықтырушылар оларға психологиялық қысым көрсетті. Жанжалдан кейін Седов қызметінен босатылды.

Талқылау