Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төмен нәтижеге байланысты": Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары жаппай жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат тарады

Бокс федерациясы Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының жаппай отставкаға кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta ratings сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл туралы ақпарат бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.

“Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатылғанын хабарлаймыз”, – делінген жазбада. 

Тізім:

- Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті – Әзиз Қожамбетов;
- Бас бапкер – Мырзағали Айтжанов;
- Аға жаттықтырушы – Марат Жакиев;
- Жаттықтырушылар – Нүркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғани Әшкеев, Ермек Ертаев, Талғатбек Жақпеков, Зәкір Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жәміл Жүсіп;
- Жаттықтырушы-кеңесші – Донатас Янусевичус.


"Сол баяғы жемқорлық": Тәуекел Мүсілім Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірді


Алайда ақпарат жарияланған соң бірнеше минуттан кейін бокс федерациясының ресми парақшасынан өшірілді. Сондай-ақ бокс федерациясы ақпаратты жоққа шығарды.

“Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешкім жұмыстан босатылған жоқ. Өзгерістер жоспарлануда. Ресми дереккөздерде хабарлаймыз”, - делінген федерация жауабында.

Фото: meta-ratings.kz

Еске салсақ, бұған дейін бокстан Қазақстанның бас бапкері Париждегі сәтсіз нәтиже үшін халықтан кешірім сұраған еді.

Талқылау