Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан ширек финалға 10 боксшы шықты
Бокстан Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан ширек финалға 10 боксшы жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Ширек финалға жолдама алған спортшылар саны бойынша Қазақстан құрамасы көш басында. Алайда Ресей мен Түркияның да 10 спортшысы 1/8 финалдан сүрінбей өтті.
Өзбекстан сапынан 8 боксшы ширек финалда өнер көрсетеді. Алаң иелері Сербия құрамасынан да 8 спортшы ¼ финалда бақ сынайды.
Ниш қаласындағы байрақты бәсекеде Морокко құрамасынан 6, Қытай елінен 5 боксшы жарысты әрі қарай жалғастырады.
Олай болса, Қазақстан құрамасы сапынан ширек финалға мына спортшылар жолдама алды:
48 кг – Назым Қызайбай
50 кг – Алуа Балқыбекова
54 кг – Жайна Шекербекова
57 кг – Карина Ибрагимова
60 кг – Виктория Графеева
63 кг – Аида Әбікеева
66 кг – Жасмин Қизатова
70 кг – Наталья Богданова
75 кг – Надежда Рябец
81 кг жоғары – Елдана Тәліпова
¼ финалдық кездесулер 13 наурызда Қазақстан уақытымен кешкі сағат 18:00-де басталады.